ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ БАЯНДАМА (АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ПІКІРІ)

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» екінші ұлттық баяндамасы басылуда.

Алдыңғысы 2017 жылы шығарылды. Екі баяндаманы да мемлекеттік ведомство өкілдері әзірледі, сәйкесінше аталмыш құжатта еліміздегі сыбайлас жемқорлық мәселесі, олардың салдарын жоюға қатысты қалыптасқан көзқарас мемлекеттік мекемелерге тиесілі. Мұндай тәсіл мемлекет пен бизнестің көзқарасы тұрғысынан негізді әрі қисынды болғанымен, осы салаға тән барлық ой-пікірді бейнелей алмады.

Назарыңызға ұсынылған баяндамада сыбайлас жемқорлық жағдайын азаматтардың, сарапшылардың және үкіметтік емес ұйымдардың көзқарасымен беруге баса ден қойдық. Бұл зерттеу еңбегі ұлттық баяндаманы жоққа шығарудан аулақ. Бар болғаны, ұлттық құжатты толықтыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ісі бойынша ой-пікір айтып, талап-тілектерін ұсынуды мақсат тұтты.

Баяндама_толық_дайын_TK2018_20062018_каз версия ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ БАЯНДАМА