Бүгінгі денсаулық сақтау жүйесінде денсаулықты қалай сақтау керек?

Еліміздегі медицина реформасының сапасы туралы пікірталаста бастысы — өз денсаулығым маңыздырақ деген тиімді көзқарасты ұстану.  Сол себепті біз аталмыш жүйемен қарым-қатынаста жүйкені тоздырмайтын, ал пайдасы мол әмбебап ережені таптық.

Жүйеге… өзіңізді табуға көмектесуден бастаңыз. Барлық медициналық қызметтің ішінен қол ұшын беретін жалғыз жедел көмекке ғана арқа сүйейтін кезге жеткізбеңіз.

Сіздің денсаулығыңыз мықты және күйбің тіршілікпен жүріп емханаға барар жолды баяғыда ұмытқансыз. Құттықтаймыз! Бірақ денсаулықтың да шегі бар, сондықтан,  тұратын жеріңізде жақын маңайдан  медициналық мекеме тауып, сол жерден өзіңіз туралы мәліметтің бар-жоғын сұрастырыңыз.

Сондай-ақ, өз қалаңыздың әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы сайтындағы басты бетіне кіріп, «Өз емханаңды табу» сілтемесін басып,  ЖСН (жеке сәйкестендіру нөміріңізді)  толтырыңыз.  Сонда сіз тіркелген жеріңіздің мәліметі бойынша бекітілген емханаңызды табасыз. Егер басқа емханаға бекітілгіңіз келген жағдайда, сол жерге барып тіркелуіңізге болады. Есеп жазбасын бастау (немесе қайта қалпына келтіру) үшін  өтініш жазып, оған жеке куәлігіңізді қосыңыз. Медициналық картаңызды қайта қалпына келтіруге (немесе жаңасын ашуға) көмектесіңіз.  Сосын сол картаны алып, дәрігерлермен танысуға барасыз.

Сізге скриннингтік (медициналық) тексеруден өтуді ұсынуы мүмкін. Қарсылық білдірмеңіз, барлық дәрігерді аралап шығып, олармен танысып,  қойын дәптеріңізге телефон нөмірлерін және тіркеу нөмірін жазып алыңыз.  Мамандарға өз денсаулығыңызға және олардың біліктілігіне  бей-жай қарай алмайтыныңыз туралы жағымды әсер қалдыруға тырысыңыз.  «Бізде бұлай, шетелде солай» деген ұшы-қиыры жоқ ойтолғаулармен дәрігерлердің басын қатырмаңыз. Тіпті ең алдыңғы қатарлы мемлекеттерде де медициналық көмекке қол жеткізе алмайтын қалың бұқара топтары бары белгілі.

Егер сіздің денсаулығыңызды мықты деп тапса – өте жақсы. Егер ауру-сырқау табылса – безек қақпаңыз, көмексіз қалмайсыз. Емхана дәрігерлері медициналық талдаулар мен шағымдардың негізінде сізге алдын ала диагноз қояды. Содан соң ауруханада жатып емделуге құжаттар толтырады.

Қайда емделу керек? Бұл сұраққа өзіңіз жауап бересіз. Кез келген мемлекеттік аурухананы немесе жеке клиниканы таңдайсыз. Еске сала кетсек, 2010 жылы елімізде тегін медициналық көмек деңгейі белгіленген. Заң бойынша, мемлекет белгілі бір процедуралар мен қызмет көрсету тізімін 

төлеуге кепілдік береді. Аталмыш жүйенің ұтымды жері  — ауруханаға сіз алдын ала қойылған диагнозбен, сонымен бірге талдаулармен келгендіктен, емдеуді бірден қолға алады. Ұтымсыз жері – егер дереу ауруханаға жатқызу қажет болмаса, бос орын күтуге тура келеді. Бұған да алаңдамаңыз: бүкіл процесті реттеуге болады. Денсаулық сақтау министрлігінде Ақпараттық-сараптамалық орталық бар, онда ауруханада босаған орындар туралы күнделікті ақпарат келіп тқұрады.  Бұл мәліметтер Ауруханаға жатқызу арнайы бюросына жіберіліп, ондағы қызметкерлер науқастарды іріктеп  отырады.  Ауруханаға жатқызу бюросының сайты — https://bg.eisz.kz/.

Денсаулығыңыз мықты болсын!

Естеріңізге сала кетсек, «Транспаренси Қазақстан» Қоры жұмыс күндері таңертеңгі сағат 10-нан сағат 4-ке дейін кеңес береді. Ол үшін алдын ала мына телефонға хабарласып, жазылуыңыз қажет: +7 (727) 379-84-50. Қордың сайтындағы дерекқорда шағым үлгілерін, телефон нөмірлерін, сондай-ақ электрондық, Қазақстаннның барлық өңірлеріндегі меморгандардың телефонын таба аласыз  және e-gov порталында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша үйрету роликтерімен таныса аласыз.

 Жоба Діни істер және азаматтық қоғам министрлігі мен  Азаматтар бастамасын қолдау орталығы    «ҮЕҰ әлеуетін пайдалана отырып жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» мемлекеттік грантының аясында жүзеге асырылады.