ЭЦҚ-ны үйрену: лайфхак

Электрондық цифрлық қолтаңбаны алғысы келетін азаматтарға  арналады.

ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) не үшін қажет?

Электрондық құжат айналымы енгізілгеннен бері, тіпті қазірдің өзінде  дамудың жетегіне ілесе алмаған адамдарды осы сұрақ мазалайды.  Бұны жазып отырған автордың өзі, шынын айту керек, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданса да,  оны егжей-тегжейлі білмейді. Оның не қажеті бар, жылына бір рет анықтама қағаз алу үшін бе? Бұл  қате түсінік.  Ұзын-сонар кезек, төлқұжат  үстелдері, шуылдаған ашулы жұрт естеріңізде ме? Осыны халыққа қызмет көрсету орталығымен (ХҚКО)  салыстырыңыз. 

ЭЦҚ не істеу керек?

Көп нәрсені істеуге болады. Көрсетілетін қызметтің бірнеше түрін атап өтсек:

  • түрлі анықтама алу,
  • баланың туу туралы куәлігін алу,
  • оны балабақша кезегіне тіркеу,
  • кредиттік карта көмегімен баж салығын төлеу,
  • зейнетақы тағайындау туралы ақпарат алу… .

Электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен еgov.kz сайтында көрсетілетін барлық қызмет түрін бір материалдың аясында  түгендеп шығу мүмкін емес. Оған қоса, қажет еткен адам ЭЦҚ алмай тұрып-ақ   басты парақшадағы барлық тараудан оқып білуіне мүмкіндік бар. ЭЦҚ-сы ұсынатын  мүмкіндіктерді   егжей-тегжейлі білу үшін оны рәсімдемей тұрып үйреніп алу қажет. Сонда электрондық үкіметтің порталын пайдалану  неғұрлым саналы түрде болмақ

snimok

Электрондық цифрлық қолтаңба дегеніміз не?

Негізгі тақырыпқа көшпестен бұрын ЭЦҚ-ның не екенін және ол кәдімгі қол қоюдан қандай айырмашылығы бар екенін біліп алайық.

Мүмкін ұмытқан боларсыздар, бірақ «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» заң 2003 жылы қабылданған. Әрине, ол уақыттан бері біршама өзгерістер  боолды.

Соңында заң өзгеріске ұшырап, бірнеше рет толықтырулар енгізілді. «Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану» заңының 10-бабына көңіл аударсақ: «Электрондық цифрлық қолтаңба жеке тұлғаның өз қолымен қойған қолына тең…», — деп жазылған, ары қарай   сәйкестілікке қажетті жағдайлар келтірілген.

Сонымен, ЭЦҚ = кеңейтілген мүмкіндіктері бар өз қолыңның қолтаңбасы.  Басқаша айтқанда,  бұл сіздің  заңды күші бар жеке шифрланған  символдар топтамасы.

ХҚКО-на бармастан бұрын, (ол жерге міндетті түрде баруға мүдделісіз, ол туралы кейінірек айтылады) алдын ала біліп алуға қажетті  бірнеше терминдер бар.  Аудандағы ХҚКО-да бұл терминдерді сізге анықтап айтып бермес. Сондықтан алдын ала дайындық жүргізіп алған абзал.

Терминдердің мағынасы:

  • Жабық кілт – бұл ЭЦҚ иесіне ғана белгілі кілт, ЭЦҚ сәйкестігін тексерген кезде қолданылатын құпия ақпарат.
  • Картридер – ақпарат иесінен мағлұмат алатын  компьютерге қосылған құрылғы.  Яғни, ХҚКО-дағы компьютердің қасында жатқан қорапша.  Соған жеке куәліктің чипі кіргізіліп, құрылғы мағлұматты оқиды. Мысалы, сіздің чипіңізге ЭЦҚ-ны жазып қоюы мүмкін.   Осылайша сіздің жеке куәлігіңіз кілт сақтайтын қойманың бірі болып шығады.
  • Ұлттық куәліктендіруші орталығы – өтініш  бойынша  сіздің ЭЦҚ-ды қалыптастыратын орган.  ЭЦҚ ХҚКО-да құрылмайды, халыққа қызмет көрсету орталығы  бұл жерде тек делдалдық қызмет көрсетеді.
  • Ұлттық куәліктендіруші орталығының тіркеу куәлігі (сертификат) – электрондық цифрлық қолтаңбаның сәйкестігін растауға берілетін қағаз нұсқасындағы құжат немесе  электрондық құжат.  Негізі, бұл құжаттың атын міндетті түрде есте сақтамай-ақ қоюға болады.  Маңыздысы, ол ЭЦҚ-ны алу үшін қажет.  Оған ерекше мән берудің қажеті шамалы.
  • Кілт қоймасыбұл ЭЦҚ-ның жабық кілтін сақтайтын орын. Қойманың бірнеше түрі бар  – «Қазтокен» және  «Қорган S»  түрі кәдімгі флешка, бірақ мәліметі жақсы  қорғалған.  Оны көптеген компьютер дүкендерден сатып алуға болады. ЭЦҚ-ны сақтаудың өзге түрлері тіпті қарапайым.  Бұл сіздің компьютеріңіз: өтініш толтырғанда кезде «Сақтау орны» — (сіздің компьютеріңіз»  тізімін таңдайсыз.  Айта кетсек, бұл сақтаудың ең сенімді түрі.  Құпия ақпаратты сақтағыңыз келсе  кілтті электрондық чипі бар жаңа нұсқадағы жеке куәлікте сақтаған дұрыс.  Жеке куәлігіңіз сізбен әрдайым бірге жүретін «флешка» тәрізді  болады.  Алайда  бұл жерде картридерсіз мүмкін емес.  Егер ЭЦҚ артықшылығын пайдаланғыңыз келсе,  – мысалы, ондайн  анықтама құжатын алғыңыз келген жағдайда –
  • Еgov жеке кабинеті – ХҚКО-дағы кеңес берушілер айтқандай, қазір (электрондық үкімет» сайтындағы жеке кабинетке тіркелу міндетті түрде болуы керек. Бұрындары тіркелудің қажеті жоқ болатын.  Бірақ  үрдіс қарапайым болғанымен, артықшылықьары мол.

1414 – Халыққа қызмет ету орталықтарының call-орталығы.  Егер тіркелгенде, рәсімдегенде, басқа да іс-әрекетті жүзеге асырғанда кейбір нәрсе түсініксіз болса,  өтініш жасауға болады.   

 ЭЦҚ-ны қалай алуға болады

ЭЦҚ-ны алудың екі жолы бар.  Жаңа флешкамен ХҚКО-на келіп,  ХҚКО-ның қызметкерінен  ЭЦҚ-ны сұрайсыз.  Екіншісі – үйде  отырып өздігіңмен жоғарыда көрсетілген әрекеттерді орындайсыз.

ЭЦҚ-ны алу үшін  egov.kz  сайтындағы белсенді сілтеме тарауына  кіресіз —   (парақшаның жоғарғы  жағында орналасқан)   «ЭЦҚ-ны алу».  Сайтта  біз түсіндіріп өткен терминдерге толы нұсқаулық бар.

ЭЦҚ шығару үшін онлайн-өтініш беру тәртібі  үш қадамнан тұрады жеке-жеке қарап көрелік.  

 1  ҚадамНұсқаулықпен танысып,  бағдарламалық қамтуды орнатасыз.   Жалпы  бұл қадамды үш пунктке бөлуге болады. Біріншіден бөлек  — нұсқаулықпен танысқаннан соң  Java  бағдарламасын орнату (оның жүктеу сілтемесі egov.kz сайтында бар),  мына жерден де жүктеп алуға болады.  Соңғы пункт – NCALayer  бағдарламасын орнату (сондай-ақ egov.kz  сайтында немесе мына жерде).

Айтпақшы,  соңғы бағдарлама 12 қазаннан бері  міндетті түрде қажет, онсыз Java  жұмыс істемейді.  «Бұл бағдарламалардың қажеті қанша?» деп сұрамаңыз, ол ресми мойындалған деп есептейік.

Егер Java-ны екі-ақ минутта жасасаңыз,  NCALayer  бағдарламасы сәл күрделірек.  Әр браузердің  бағдарламасын  баптаудың өзіндік ерекшелігі  бар. Бастысы – оны Ұлттық  куәліктендіруші орталығы (ҰКО) сайтынан жүктеңіз.

Мәселен, сіз бағдарламаны жұмыс столына мұрағат  түрінде сақтайсыз,  мұрағаттан файлдарды  «Жұмыс столынан» аласыз.   Мәліметтер автоматты түрде пайда болған папкада сақталады (әдепкі қалпы бойынша   NCALayer деп аталады).  Бағдарламаны жасау үшін сол апакаға кіріп,  сосын  Windows –тың ішкі папкасына кіріп,  Setup таңбасын басасыз.

Ары қарай  –  нұсқаулықты оқисыз, сіздің браузеріңізге қатысты біз оны толық көлемде ауыстыра алмаймыз.  Осындай қарапайым іс-әрекетті неліктен егжей-тегжейлі түсіндіріп отырмыз?  Себебі нұсқаулықта ол толық қамтылмаған. —  шатасып, уақыт шығындауыңыз мүмкін.

Как укротить электронную цифровую подпись

2 Қадам және 3 Қадам өте оңай

egov.kz сайтындағы сәйкес тетіктерді басасыз.  «Кілт қоймасы» термині  өтініш толтырған кезде  сізді үркітпейді деген сенімдеміз.

Сонымен, ЭЦҚ алу өтініші рәсімделді.  Мониторда мындай ақпарат шығады:

1

Осы жерде  өтініш онлайн рәсімделгенімен,  біраз машықтануға тура келеді. Бұл қажетті шарт.  Ескертпе: монитордағы хабарлама –  ақпараты аз, мысалы, өтінішті қағазға басып шығару енді түсінікті (өтінішті сайттағы сілтемемен басып шығармаңыз – ол тек үлгі).

Өтініш толтырғанда жазылған  өз электрондық поштаңызды тексеріңіз.  Соған бірден хат келеді,  хаттан басып шығарылған өтініштен бөлек өзіңізбен бірге жеке куәлікті алу керек екенін білесіз.  Онда  өтініш жазылған мәтіндік файл бар – міне,  соны басып шығарасыз,  ал бірден толтыру аса қажет емес.

Бірақ, қайда барамыз? 

Ол жерде  «ең жақын Тіркелу орталығына ҚР ҰКО баруды»  ұсынады.  Енді кез келген ХҚКО барасыз. Тіркеу қызметкері сол жерде болады. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді  және флешканы алуды ұмытпаңыз.

ХҚКО-на келген соң,  анықтама бөліміне барасыз. Ол жерде өтініш пен жеке куәлікті қайда папару керектігін түсіндіреді. Кезегіңіз келгенде  қызметкердің жанына барып, өтінішке қол қоясыз.  Бұнымен бітпейді.

ХҚК барған соң  компьютерді қосып, NCALayer (оның таңбасы жұмыс столыңызда тұр) бағдарламасын жандандырасыз.  Және поштаға кіргенде екінші хатты көресіз.  Хатта сіздің өтінішіңіз бойынша  тіркелу куәлігі шығарылды деп жазылған.  Сондай-ақ, мына әрекеттерді орындау ұсынылады (сілтемесі көрсетілген).  «Тіркелу куәлігін алу үшін  жасалынатын іс-әрекет» 2.2 тармағы.

ҰКО-ның басты парақшасы ашылады.  Бұл сайтта  «ЭЦҚ кілтін алу» тетігі бар.  Оны баспаңыз,  төменгі жағында  «Берілген өтініштің статусы»  тетігін басасыз.  Сұраным нөмірінің терезесіне көшіріледі,  (ол хатта бар)  сосын «Іздеу» тетігін басасыз. Дисплейде сіз туралы мәлімет шығады, ал парақшаның төменгі жағында   «Кілт қоймасы мәліметі» бөлімі  көрсетілген, есіңізде ме, сіз қоймаға жолды жасағансыз?   «Сертификатты жүктеуді»  басып, папкада екі кілт: AUTH_RSA және RSA пайда болғанын байқайсыз.

Міне, бұл сіздің жеке кодыңыз.  ЭЦҚ-ның өзін көрмейсіз, оны түсінуіңіз қажет, — бұл қойылған қолтаңба емес, ол  — кілт арқылы шығарылатын виртуалдық іс-әрекет. Мысалы, мекен-жайыңыз туралы анықтама алғыңыз келді делік. Ол үшін egov.kz сайтына кіріп, тіркелесіз.  Жоғарғы бұрыштағы «Тіркелу» бөліміндегі келісім мәтінін оқып, төменгі жағына белгі қоясыз.  «ЭЦҚ-мен тіркелу»  тетігі жанданып,  соны басып,  «Кілт сөз ойлап табу» және «Кілт сөзді растауды» басасыз.

Сall-орталықта  айтқандай,  кілт сөзді мына схема бойынша ойлап табу керек  – латин қарпі  және цифрлар,  алғашқы екі әріп  — бас әріп болуы тиіс.  Мысалы: «RRuu7373».  Кілт сөзді ойлап таптыңыз ба?  «Сертификатты таңдау» тетігін басасыз.  Осы жерде   сертификат пен сіз алған екі кілт  — бірдей екенін түсінесіз.   RSA кілтін таңдайсыз,  кілт сөзді жазып, (әдепкі қалпы бойынша 123456)  «Тіркелуді» басасыз.

Тіркелдіңіз!

Бұдан былай  сайттың басты бетінде сала бойынша  іріктеліп көрсетілген  қызметті пайдалана беруіңізге болады.  Мәселен, «Денсаулық сақтау», «Білім беру» және тағы да басқа қызмет түрлері.

Әр тараулар  мен көрсетілетін қызмет түрлері  бейне-нұсқаулықтармен  ұсынылған.   Оны еш қиындықсыз жүзеге асыруға болады.

PROFIT!

Аталмыш мақалаға пікір жазуыңызға болады. Қордың Facebook парақшасында сауал қоюға болады немесе мына телефонға хабарласыңыз 8(727) 379-84-50 немесе жұмыс күндері 10:00 бастап 16:00 дейін. Транспаренси Қазақстан құқықтық кеңеске шолу үшін алдың ала осы телефон арқылы жазылу керек.

Жоба Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен  Азаматтар бастамасын қолдау орталығы «ҮЕҰ әлеуетін пайдалана отырып жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» мемлекеттік грантының аясында жүзеге асырылады.