Кәсіптік мемлекеттік аппаратты құру жолында

Мемлекеттік саясаттың ең негізгі стратегиялық тетігі мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызметтің кәсібилігі меритократиялық  негізде құралған, нәтижелік, тұрақтылық, қайта жасақталған және қоғамға есеп беретін,  мемлекеттік басқаруда бәсекеге қабілетті жүйені қамтамасыз етіп және халыққа қызмет көрсете алатындығы басты мақсат болып табылады.

Қазіргі кезде, нақты бес реформаны жүзеге асыру мақсатында «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары іске асырылып жатыр. Реформаның біріншісі және Ұлттық жоспардың бірінші 15 қадамы кәсіби, тәуелсіз және тұрақты мемлекеттік аппаратты құруға арналған.

Бүгінгі кезде, жаңа мемлекеттік қызметтің моделінің негізгі нүктелері келесілер болып табылады:

Бірінші, мемлекеттік қызметке кіру кезі модернизацияланған, атап айтқанда «Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметке алғаш кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатып қайта кіретін азаматтар іріктеудің үш кезеңнен өтуіне тура келеді,  1) мемлекеттік тілді және ҚР заңдарын тестілеу нәтижесі арқылы алынған сертификат, 2) жеке басы және қасиетін бағалауды автоматтандырылған негізде берілген қорытынды, 3) белгілі бір конкурс жарияланған мемлекеттік органдарда әңгімелесуден өту.  Тестілеуден өту аса маңызды рөл атқарады, себебі бос лауазымға лайықты кандидатты іріктеу және мемлекеттік қызметтік жүйеге деген сенімділік осы кезден бастап қалыптасады. Сол себептен тестілеудің ашықтылығы барынша жүзеге асырылып, қадағалануда. Қазіргі кезде бірте-бірте кандидаттардың заңды жақсы білу керектілігіне қоса оның жеке басы мен қасиеттері де жұмысқа қабылдануда айрықша көңіл бөлінуде, себебі кандидаттың заңды білуі мен қабілеттілігі қызметте пайдалануда үлкен пайдасын тигізеді.

 Екінші, біз мемлекеттік қызметте ілгері турған бос лауазымға бірте-бірте көтерілетін  мемлекеттік қызметтің мансаптық жүйесіне көштік.

Енді бос турған лауазымдық қызметке тұру объективті, демократиялық ашық болды, сол себепте біліктілік талабы сай кандидат бос тұрған лауазымдық қызметке өзінің білімі мен біліктілігін конкурста көрсетіп, қызметке тұруына болады.

Бұл тәжірбие алдыңғы мемлекеттер, оның ішінде Германия, Франция, Жапония сияқты мемлекеттерден алынды, онда жалпы конкурс ең төменгі бос лауазымға жарияланады, ал ішкі конкурс — жоғарғы тұрған бос лауазымдардың орындарына жарияланады.

Заманауи мемлекеттік қызметте меритократия қағидасы жарқын және ашық түрде қолданады, бұл мемлекеттік аппарат институтын біріктіре түседі және мемлекеттік қызметтің имиджін көтереді.

2018 жылы ішкі конкурс бойынша, Алматы қаласының жергілікті атқару органдарында ең төменгі лауазымнан жоғарғы тұрған лауазымға 108 (69,2%) мемлекеттік қызметшілер конкурс негізінде орналасқан.

Конкурс өткізудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, белгілі талапқа сай қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тәуелсіз бақылаушылар пулы құрылды, (қоғамдық қор, тәуелсіз палата ұйымдары, этномәдениет бірлестігі және т.б.)   сол себепте жаңа моделдік шеңберде кез-келген білікті және адал мемлекеттік қызметшіге өзінің мансаптық өсуіне кедергі жоқ.

 Үшінші, мемлекеттік қызметке жаңадан келген мемлекеттік қызметшіге мансаптық өсу жолында кәсіби біліктілік пен бейімделу үлкен рөл атқарады.

Жас мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметке тез бейімделу мақсатында, мемлекеттік органдарында коллективте сыйлы мемлекеттік қызметшілер санатынан тәлімгерлер институты бекітілген, тәлімгер жас мемлекеттік қызметшіге барлық жағынан көмек көрсетеді. Тәлімгерлердің мансабын көтеру мақсатында оларға сыйлықақылар тағайындалады.

   Төртінші, былтырғы жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қаласының әкімдігіне жаңа факторлы-балдық шкала бойынша еңбек ақы төлеу жүйесі енгізілді, осылай жұмыс нәтижелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің айлықақылары көтерілді. Мемлекеттік қызметшілерді заңды тұрғыда мотивациялау мақсатында, мемлекеттік қызметшілерді бағалау және көтермелеу енгізілді. Осыған сәйкес, мемлекеттік қызметшінің жұмыс нәтижесін бағалау бойынша бонус төленеді. Бүгінгі кезде, мемлекеттік қызметшінің жеке жұмыс жоспары бойынша бағалау нәтижесі, индикаторлық жетістігіне сәйкес болып келеді және мемлекеттік қызметшінің қызметін бағалау методикасы бүгінгі кезде жұмыс жасауда.

Бесінші,   мемлекеттік қызметшінің кәсіби дамуына үлкен көңіл бөлінуде.

Мемлекеттік қызметшінің біліктілігін көтеру мақсатында оқу нормасы бекітілген, соған сәйкес мемлекеттік қызметші кем дегенде үш жылда бір рет біліктілік талабы көтеріліп тұрады. Біліктілік талабын көтеру мақсатында жүргізілген семинарлар тәжірбиелік характерді басшылыққа алады және олар мемлекеттік қызметшілерге арналады. Одан басқа, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтеру мақсатында, арнайы бағдарламалар жасалынады(бастамашылық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, қызметті басқару, шешім қабылдау және т.б ). Мемлекеттік қызметшілер қайта дайындық пен біліктілігін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясында және оның филиалдарында көтереді.

Қазіргі кезде заманауи және кәсіби мемлекеттік аппаратты құру басты талап екендігін сезіне отырып, біз мемлекеттік қызметті модернизациялауда барлық күш жігерімізді саламыз.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары  Г.Данияров