Қазақстандағы әлеуметтік қорғау туралы нені білуіміз қажет

365.info өз оқырмандарының шенеуніктер және  мемлекеттік органдармен қарым-қатынас орнатуын егжей-тегжейлі таныстыруын жалғастырады. Дегенмен ол үшін мемлекеттік органдар неге жауапты және олардың жауапты  саласында қандай сауалдар бар екенін білген абзал.   

Сондықтан бұл жолы «Транспаренси Қазақстан» қорымен бірлескен жобасының аясында біз әлеуметтік қорғау туралы сөз қозғамақпыз. Егер сізде сұрақ туындаса, оны «Транспаренси Қазақстан» сайтындағы осы мақалаға жазылған пікірлерге немесе әлеуметік желілерге жазғаныңыз жөн.

Әлеуметтік қорғау дегеніміз не?

Алдымен «әлеуметтік қорғау» ұғымымен танысайық.  Ол адам құқығының қорғалуын қамтамасыз ететін және  әлеуметтік мұқтаждығын қанағаттандыратын шаралар жүйесі. Ол барлық қоғам мүшелерінің материалдық және әлеуметтік жағдайынан тыс қоғамдық қажеттілігін құрып,  жасайтын мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына  сәйкес, әр адам әлеуметтік қамтамасыз етілуге және өз абыройын сақтауға тиіс қажеттілікті жүзеге асыруға, экономика, мәдениет, әр мемлекеттің құрылымы мен ресурсына сай әлеуметттік салада ұлттық күш салып, халықаралық ынтымақтастыққа және жеке тұлға ретінде еркін дамуына құқығы бар. Сондай-ақ әр жұмыскер өз еңбегінің әділ бағалануына,  өзі және өзінің отбасы  лайықты өмір сүреді деп есептеуіне құқығы бар.  Айта кетсек, қажет деген жағдайда еңбекақысы әлеуметтік қамтудың басқа да құралымен толықтырылуы мүмкін.

Жалпы, кез келген адамның игілігіне қажетті, кем дегенде, тамақ, киім-кешек, баспана, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетілу — денсаулығын сақтап, оның және оның отбасының игілігі қамтамасыз етілуі тиіс.  Егер күнелтуге қажетті қаражат болмаған жағдайда азамат (жұмыссыздық, ауыру, мүгедектік, кәрілік немесе асыраушысынан айырылғанда) мемлекет тарапынан көрсетілетін жәрдемге сүйенеді. Аналар мен нәрестелерге құжаттағы мөріне қарамастан ерекше көңіл бөлінуі тиіс: барлық бала некеде туылып, туылмағанына  қарамастан,  біркелкі әлеуметтік қорғауды пайдаланады.

Әлеуметтік қорғаудың үлгілері:

  • Неміс үлгісі — адам өзінің белсенді шағында төлеген ақшадан аударылымына сәйкес әлеуметтік құқығы қамтамасыз етіледі. Мүмкіндігі шектеулі отбасыларының барлығына арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар;
  • Ағылшын үлгісі – қандай да бір санатқа жатсын, жатпасын, әлеуметтік жәрдемнің минимум өлшемі қарастырылған.

Кейде әлеуметтік қорғауды тым тар ұғымда түсінеді: белгілі бір кірісі бар тұрғындар белгілі себептермен өзін-өзі асырай алмаған жағдайда деп түсінеді: жұмыссыздар, мүгедектер, ауыр науқастар, жетімдер, қариялар, жалғызбасты аналар, көпбалалы отбасылар. Қандай жағдай болмасын, әлеуметтік қорғаудың басты қағидалары — адамгершілік, адрестілік, кешенділік, жеке тұлғаның құқығын, бостандығын сақтау болып табылады.

Әлеуметтік қорғаудың негізгі үш түрі: әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек.

 Әлеуметтік қамсыздандыру

Әлеуметтік қамсыздандыру — мемлекеттің әлеуметтік саясатын білдірудің түрі. Ол мемлекеттік бюджет қаражатымен белгілі бір санаттағы азаматтарды материалдық қамсыздандыруға және азаматтық әлеуметтік ахуалын басқа қоғам мүшесімен теңдестіру мақсатында  мемлекет тарапынан елеулі оқиға (оның даму кезеңінде) болып табылған жағдай туындағанда бюджеттен тыс арнайы қорлардан қаражат бөлуге бағытталған.

 Әлеуметтік кепілдіктер

Әлеуметтік кепілдіктер —азаматтарға ұсынылатын әлеуметтік игіліктер және көрсетілетін қызметтер, яғни  тексеру қажеттілігі мен еңбек салымының есебінсіз, бөлу қағидасы негізінде, қолда бар қоғамдық игіліктерді мұқтаждығы бойынша үлестіру.

Әлеуметтік сақтандыру — әлеуметтік қорғау жүйесі. Оның міндеті — экономикалық белсенді азаматтардың конституциялық құқығын қамсыздандыруды жүзеге асыру – қартайғанда, ауруға шалдыққанда, жартылай немесе толық еңбекке жарамдылығынан айырылғанда, асыраушысынан айырылғанда, жұмыссыз қалғанда материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету.

Әлеуметтік көмек — ол ақшалай көмек және заттай көмек. Негізінен бюджеттен және өз еркімен жасалған  қайырымдылықтан қаржыландырылып, ауыр материалдық жағдайдағы адамдарға төленеді. Олардың кірісі негізінде, өмір сүруге қажетті қаражатына қарай, сондай-ақ кірісі тексерілмей, белгілі бір өлшемдеріне қарай әлеуметтік көмек көрсетіледі. Және де халықтың бір бөлігі көмек көрсету бағдарламасының игілігін пайдаланады деп білеміз.

Әлеуметтік жұмыстың субъектілері — осы жұмысты жүргізетін адамдар мен ұйымдар. Мемлекетттік органдардың әлеуметтік қорғауы арқылы әлеуметтік саясатты жүргізетін жалпы мемлекет.

Әлеуметтік қорғаудың түрлері

  1. Мемлекеттік құрылым:
  • Қолжетімді денсаулық сақтау;
  • Жеңілдіктер;
  • Қолжетімді білім беру;
  • Зейнетақымен қамсыздандыру;
  • Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі және әлеуметтік көмек ұсыну;
  • Әлеуметтік қолдау көрсету шаралары;
  1. Мемлекеттік емес құрылымы:
  • Ерікті әлеуметтік сақтандыру;
  • Қайырымдылық;
  • Денсаулық сақтаудың жеке меншік жүйесі және т.б.

Біз мемлекеттік туралы айтып отырмыз.

Қазақстандықтарда қандай әлеуметтік стандарт және әлеуметтік кепілдіктер бар

Қазақстанда ең төмен әлеуметтік стандарттар ҚР  «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Заңына сәйкес, мына салаларда белгіленіп, қолданылады;

        1) еңбек;

        2) әлеуметтік қамсыздандыру;

        3) білім беру;

        4) отбасы және балалар;

        5) денсаулық сақтау;

        6) мәдениет;

        7) дене шынықтыру және спорт;

        8) мемлекет кепілдігімен заң көмегі.

 Еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар

Ең төмен айлық еңбекақы, жұмыс ауысымының ұзақтығы, жыл сайынғы ақылы демалыс — бұл еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар.

Еліміздің Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс істеуші мынаған құқылы:

Демалысқа, сондай-ақ жыл сайынғы ақылы демалысқа;

еңбек міндеттемелерін орындауға байланысты денсаулыққа келтірілген зиянның өтелуіне;

міндетті әлеуметтік сақтандыру;

еңбек (қызметтік) міндеттемелерін орындау барысындағы жазатайым оқиғалардан сақтандыру;

кепілдіктер және өтемақылы төлемдер;

өз құқығын және заңды мүддесін барлық заңға қайшы емес тәсілдермен қорғау;

бірдей еңбегі үшін ешқандай кемсітушіліксіз тепе-тең төлеу.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы әлеуметтік стандарттар былай анықталады:

ең төменгі күнкөріс деңгейі

ең төменгі зейнетақы көлемі

арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің кепілдендірілген көлемі

Білім беру саласындағы ең төменгі әлеуметтік стандарттар:

мектепке дейін тәрбиелеу және оқыту стандарты;

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру стандарты;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру стандарты;

конкурстық негізде жоғары білім беру стандарты.

шәкіртақы, мемлекеттік гранттар, оқуға квоталар және оқушыларға жеңілдіктер аталмыш стандарттармен белгіленеді.

Отбасы және балалар саласындағы әлеуметтік стандарттар

Бұған жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған, басқа отбасына берілген балалардың құқығы мен мүддесін қорғау кіреді. Стандарт бала асырап алуды, қамқорлыққа алуды немесе бағып-қағу, патронатты отбасы, қамқоршыларға жәрдемақы және патронаттық төлемдерді реттейді.

Денсаулық сақтау саласында

Бұл стандарттар кепілдендірілген тегін медициналық жәрдем беру көлемі мен қолжетімді денсаулық сақтау қызметін қамтамасыз етуді реттейді.

Мәдениет саласында

Мәдениет саласындағы ең төменгі әлеуметтік стандарттар әлеуметтік кепілдіктерді және барлық санаттағы азаматтардың мәдени құндылықтарға қолжетімділік құқығын жүзеге асырады. Бюджет қаражатының есебінен мемлекеттік ұйымдар өткізетін мәдени ойын-сауықтық шараларға мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүгедектерге арналған қызметінің қолжетімділігі бойынша бөлек стандарттар бар.

Дене шынықтыру және спорт саласында

Бұл стандарттармен мемлекет меншігіндегі спорттық ғимараттардың қолжетімділігі және оны  барлық санаттағы азаматтар үшін пайдалану көрсеткіштері қамтылады.

Мемлекетпен кепілдендірілген заң көмегін көрсету саласы

Аталмыш саладағы стандарттар әлеуметтік кепілдікті және әлеуметтік құқық — заңды ақпарат алу, заңды кеңес алу, жеке тұлғаның мүддесін қорғау және  адвокат ұсынуды  жүзеге асыруға бағытталған. Сотқа арызды қалай дұрыс жазуға болады, адвокатты қалай таңдау керектігі жайлы толығырақ «Транспаренси Қазақстан» сайтында оқыныз.

Қазақстандағы әлеуметтік қорғауды реттеуші Заңдар мен халықаралық шарттар

Еңбек кодексі – http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1500000414

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы – http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1300000105

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңы» – http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z030000405_#z9

Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшері – http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1500001103#z6

Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны белгілеу мен төлеудің ережесі – http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500012521#z8

Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы – http://www.un.org/ru/documents/decl_conv/declarations/declhr.shtml

Бұл ақпарат сізге не үшін қажет?

Қоғам әлеуметтік жұмыстың  тиімділігінің артқанын қалайды. Бірақ оны анықтап, өлшеу әжептәуір қиын. Тиімділік деп жұмыс нәтижесі мен шығынның ара қатынасын және сол нәтижеге қол жеткізуге қажетті шығын деп түсінеміз.

Әлеуметтік саладағы тиімділік — өте күрделі категория. Ол мақсаттардан, нәтижелерден, жұмсалған қаражаттардан және әлеуметтік іс-шаралардың жағдайынан құралады. Нәтиже  — қандай да бір іс-шараның оның мақсатымен ара қатынасындағы қорытындысы. Ол оң немесе теріс болып шығуы мүмкін. Нысандарының, арнайы қызмет клиенттерінің сұранымын қанағаттандыру — әлеуметтік жұмыстың нәтижесі болып табылады.  Және осы негізде қоғамдағы әлеуметтік ахуалдың жалпылай жақсаруы.

Жұмыстың тап осы тиімділігі (соның ішінде әлеуметтік қызметтер) біздің жобамызды көтеруге үнделген. Және бұл тек сіздердің көмектеріңіз арқылы жүзеге асады.

Естеріңізге сала кетсек, әлеуметтік кепілдікке қатысты немесе сіздің құқығыңыз бұзылған жағдайда  «Транспаренси Қазақстан» сайтында   жарияланған мақалада немесе әлеуметтік желілердегі пікір жазылған жерде сұрақ қойыңыз. Сондай-ақ мына телефонға хабарласыңыз: +7 (727) 379-84-50 немесе біздің кеңсеге келіңіз: Алматы қаласы, Мыңбаев көшесі 43 үй А,  23 кеңсе.  Қор жұмыс күндері таңертеңгі сағат 10-нан күндізгі 4-ке дейін кеңес береді. Кеңес алу туралы алдын ала «Транспаренси Қазақстан» қызметкерлерімен келісіп алыңыз. Сайтымызда шағымдардың типтік үлгісінің дерекқоры, сондай-ақ Қазақстан өңірлеріндегі барлық меморгандардың телефон нөмірлері мен мекен-жайы, электрондық мекен-жайы көрсетілген.

Жоба Діни істер және азаматтық қоғам министрлігі мен  Азаматтар бастамасын қолдау орталығы    «ҮЕҰ әлеуетін пайдалана отырып жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» мемлекеттік грантының аясында жүзеге асырылады.