учебник

Мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал

«Оқушыларды cыбайлас жемқорлыққа қарсы біліммен қамту» оқу құралы орта білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес «Адам және қоғам» білім беру саласына енетін «Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша 10-сынып оқушыларына арналған қосымша сабақтар кешені болып табылады.

Курсты «Адам. Қоғам. Құқық» пәніне, әсіресе экономика мен құқыққа қатысты тарауларға бір-бір тақырыптан енгізіп отыру қажет. Сағаттарының жалпы саны – 10, оларды вариативтік құрамына қарай сұрыптауға болады. Тақырыпты меңгеруге бөлінетін сағатты нақты жағдаятқа байланысты оқытушы өзі айқындайды. Әдістемелік құрал ұсыныс сипатында, педагогтар қажетіне қарай әдебиеттер тізіміндегі еңбектермен де толықтыра алады. Кейбір сабақтардың жекелеген тақырыптарын «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық» пәндерінде де пайдалануға болады, ол оқушылардың өз бетінше ізденіп, өзін өзі жетілдіруіне жол ашады, коммуникативтік дағдыларын қалыптастырып, іскерлікке баулиды.

«Оқушыларды cыбайлас жемқорлыққа қарсы біліммен қамту» мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал

«Оқушыларды cыбайлас жемқорлыққа қарсы біліммен қамту» жұмыс дәптері

«Оқушыларды cыбайлас жемқорлыққа қарсы біліммен қамту» курстың сабақ сайынғы жоспары

Құрастырған: Бейісбекова А.С., тарих пәнінің мұғалімі, №60 гимназия, Алматы қ., Ковалева Н.Е. «Транспаренси Қазақстан» Қоғамдық Қорының атқарушы директоры, Агаева М.Ю. «Транспаренси Қазақстан» Қоғамдық Қорының жоба үйлестіруші.

Рецензиялаушылар: филология ғылымдарының кандидаты,«Туран» Университеті «Журналистика және аударма іс» кафедраның доценті Р.Д. Карымсакова, «Жәния Аубакирова авторлық мектебі» мекемесінің бастауыш сыныптар мұғалімі, Э.Р. Шевченко, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, «Стратегия» әлеуметтік және саясат зертеулер орталығы» Қоғамдық Қорының Президенті Г.Т.Илеуова.

«Оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы біліммен қамту» оқу-әдістемелік құралын дайындаған: Астана қ. ЕҚЫҰ бағдарламалары Офисінің тапсырысы және қолдауымен «Транспаренси Қазақстан» Қоғамдық қоры. Материалдың мазмұны Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының ресми көзқарасын білдірмейді.

Бейне сабақтары: