ТАБЫС ДЕКЛАРАЦИЯСЫ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТЕГІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОЛ

Неліктен Транспаренси Қазақстан  табыс пен шығыс декларациясын  енгізуді қостап отыр?   Біз бұны маңызды саяси қадам деп есептейміз.  

Елімізде жұмыс істеп тұрған әкімшіліктендіру жүйесі кіріс пен мүлік көздерін жүйелі бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді, себебі кіріс пен мүлік декларациясын белгілі бір топ — мемқызметкерлер, депутаттар, судьялар ұсынып отыр. Сол себепті 2020 жылдан бастап барлық жеке тұлғалардың  кірісі пен мүлігін  декларациялауға көшу туралы шешім қабылданды. Ол – артығымен есесін қайтаратын ұзақ мерзімді жоба. Бастысы – оны қоғам игілігі үшін сапалы түрде жүзеге асыру.

Сондықтан декларациялау шарасына мұқият қарауды ұсынамыз. Бұл үрдістің сыртқы – ресми бөлігін емес, оның идеологиясын қарастырайық.

Ең алдымен ара-жігін ажыратып алайық. Қарапайым адам, жалдамалы жұмысшы үшін табысын декларациялау қажетсіз әуреге салады деген жаңсақ пікір бар. Бұндай пікір әдейі таратылуы мүмкін. Ол декларациялаудың идеологиялық қарсыластарының ісі болуы мүмкін.  Бұл қоғамдық пікірде  еліктеу акциясы, ешқандай пайда әкелмейтін, керісінше, адамның өмірін қиындатады деген декларациялау туралы ой қалыптастыруға септігін тигізеді.

Сондықтан бірден жағымды тұсын айтсақ: жұрттың басым көпшілігі үшін кіріс декларациясын өткізу  — автоматтандырылады. Жалдамалы жұмысшылардың барлық кірістері есепке алынған, сол себепті қағазбастылық болмайды.

Сондай-ақ, декларациялаудың енгізілуімен жалпы салық жүйесінде реформа қажет болады.  Қаржы жылының қорытындысы бойынша салық шегерісін дәлелдеу мүмкіндігі туады. Яғни, белгілі бір шығындар, мысалы, денсаулыққа төленіп қойылған салықтың бір бөлігін отбасылық бюджетке қайтаруға жағдай туады. Және мұндай жағдайда адамдарға жалақысын конвертпен алу тиімсіз болады, ал бұның маңызы өте зор.

Ендеше қаржы тәртібін есімізге түсірейік! Бізде кім өз мүмкіндік деңгейін жылдық бюджетті ескеріп өлшей алады?  Ал бұның мөлшерін түсіне білсең, отбасылық бюджетті нақты жоспаралай аласың емес пе?

Дегенмен мемлекеттік маңызы бар тұрмыстық мәселеден  — саяси сұрақтарға көшсек.

Кіріс декларациясы – жиынтық үдемелі әсері бар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ең тиімді құралы. Мемлекет қаражатын оңды-солды жұмсайтын шенеуніктер  одан қорқады және оның енгізілуіне қарсы. Неліктен? Себебі: ол дамыған сайын ұрлағандарын жасыру қиындай түседі.

Алғашқы бір-екі күнде, тіпті бес жыл болса да, есте қаларлық ештеме болмайды. Елімізде капиталды заңдастыру бақандай үш рет өткізілді. Көз алдымызға елестетсек: күдіктен тазартылған ақшалар атаулы депозиттерге салынған.  Жақсы делік, егер ақшаң мен мүлкің ай сайынғы 300-500 доллар жалақыдан тым көп болса, олар бөлшектеніп,  алыс-жақын  туыстарыңның атына тіркелінеді.

Міне, бұл дегеніміз  — жемқорлар еліндегі нағыз «Троя аты» немесе «жасырын агент». Біраз уақыт астыртын үндемеу мен жең ұшынан жалғасушылық ақпаратты жібермей ұстап тұрады. Алайда сыбайлас жемқорлық  — үздіксіз үрдіс. Қорлану геометриялық прогрессияда жүреді және қауіпсіздік схемасы шытынай бастайды. Тіпті отбасында қаншалықты береке-бірлік  сақтағысы келсе де, судай жаңа, удай қымбат әшекей бұйымдары, көліктері, жері, үйлерін қалай сатып алғанын дәлелдеуі қажет. Бәке-Мәке шенеуніктердің жалақысы қанша? Қанша болса да,  бес жыл бойғы бірлескен жалақысын есептегенімен,  үй мен көліктерінің қалай сатып алғанын түсіндіруге тура келеді. Отбасындағы кикілжіңдерге саяси, әкімшілік болсын, ол маңызды емес — мүдделі топтардың күресі кеп қосылады. Ақпарат сатылып, сатып алына бастайды.  Ақырында құпия болмай қалады. Күдердің бір күнінде ол жарылып, сонда соққымен алмасу тоқтаусыз атысқа айналады.

Бұл неге әкеп соқтарады? Шенеуніктің жылы орнына   нағыз романтиктер немесе аса ақылды, айлакерлер ғана құмартатын болады.

Осыны армандадық емес пе?

Сол себепті біз кіріс декларациясын қолдаймыз.

Сіз  ше?


Естеріңізге сала кетсек, «Транспаренси Қазақстан» Қоры жұмыс күндері таңертеңгі сағат 10-нан сағат 4-ке дейін кеңес береді. Ол үшін алдын ала мына телефонға хабарласып, жазылуыңыз қажет: +7 (727) 379-84-50. Қордың сайтындағы дерекқорда шағым үлгілерін, телефон нөмірлерін, сондай-ақ электрондық, Қазақстаннның барлық өңірлеріндегі мемлекеттік органдардың телефонын таба аласыз  және e-gov порталында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша үйрету роликтерімен таныса аласыз.

Жоба Діни істер және азаматтық қоғам министрлігі мен  Азаматтар бастамасын қолдау орталығы    «ҮЕҰ әлеуетін пайдалана отырып жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» мемлекеттік грантының аясында жүзеге асырылады.