Транспаренси Казахстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебі

Транспаренси Казахстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебі Қарағанды мен Ақтау қалаларында қатысушылар қабылдауын ашық деп жариялайды.

Транспаренси Казахстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебі – қатысушыларға парақорлыққа қарсы қолданбалы құрал беріп, сол құралдарды іске асырудағы ұсыныстар беретін Қазақстан үшін жаңа білім беру форматы.

Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы саладағы алдыңғы қатарлы мамандармен, Қазақстанның мемлекеттік органдар қызметкерлерімен, бизнесмендермен, ғалымдармен бірге жұмыс істеуге және осы құбылысқа қалай тойтарыс беруге болатыны жайлы шынайы үлгілерді көруге мүмкіндік.

  •  Транспаренси Казахстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебі қашан және қайда өтеді?

Мектеп 2016 жылдың 9 – 15 маусым аралығында Қарағандыда және 20 – 26 маусым аралығында Ақтау қаласында өтеді. Ол коррупцияны зерттеу, мемлекеттік сектор, жеке сектор және сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық қатынасу сынды төрт модульден құралған бір апталық курсты қамтиды. Әр модуль теория мен тәжірибені біріктіреді.

  • Транспаренси Казахстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебіне кім қатыса алады?

Транспаренси Казахстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебі мектеп жұмысына қатысуда ешкімді шектемейді. Біздің мектеп ол парақорлыққа қарсы бастамаларды тәжірибеде қалай қолдануға болатынын білгісі келетін, серіктестікке дайын және бірлесіп жұмыс істеуге дайын, сыбайлас жемқорлықтан азат Қазақстан бос әңгіме емес жандар үшін ашық алаң. Орындар саны шектеулі болғандықтан сіздерге алдын ала өтінім тастауларыңызды сұраймыз. Мектепке қатысу тегін, курс аяғында тыңдарман сертификат алады.

  • Транспаренси Казахстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебінің спикерлері мен жұмыс форматы?

Біздің Transparency International бойынша әріптестеріміздің тәжірибесені негізделе отырып біз мектептің оқыту бағдарламасын әр түрлі модульдерді үйлестіріп құрдық. Олар теңдей серіктестік пен әрекеттестіктің атмосферасын қалыптастастыратын: семинарлық сабақтар, пікір таластар, іскерлік ойындар, экскурсиялар, кино көру, лекциялар.

  •  Өтінімді қайда беруге болады?

Транспаренси Казахстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебіне өтінімді осы сілтеме бойынша білдіруге болады: https://goo.gl/9fwyz1. Дедлайн – 2016 жылдың 30 мамыры.

Мектеп ұйымдастырушылар басқа қалалардаң келген қатысушылардың жол ақын, тұру және тамақтану шығындарын жаппайды (төленбейді).

Transparency International – 20 жылдан астам сыбайлас жемқорлыққа қарсы салада жұмыс істеуде. Біз парақорлық өмір сүру салты мен мәдениет бөлігі деген пікірге қарсы шығамыз, біз парақорлық бизнес жүргізудің ажырамас бөлігі деп есептемейміз, біз қарапайым адамдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алмайды деген оймен келіспейміз. Сыбайлас жемқорлық – бұл екі жақты қозғалысты көше, пара берушілер де, пара алушылар сияқты өз әрекеттеріне жауапты болуы тиіс.

Ұйымдастырушы: Транспаренси Казахстан

Серіктестер: Қазақстан Республикасындағы Нидерланды Корольдігінің Елшілігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті, «Эко Манғыстау» бейкомерциялық мекемесі.

Сұрақтарыңыз бойынша: Данияр Бексултан, жоба үйлестірушісі, +7-707-3555-325, info@tikazakhstan.org, daniyar.bexultan@gmail.com

Біз әлеуметтік желілерде: https://www.facebook.com/TIKazakhstan/