Құқық дегеніміз не? (Өркениет және құқықтық институттар)

Арман Шайкенов,

КИМЭП Университетінің аға оқытушы

Британ монархына қауымдар палатасына кіруге тыйым салынған. Сондықтан британдық палата ашылғанда оны лордтар палатасына кіргізеді, кейін король уәкілі депуттарды лордтарға қосып, король сөзін тыңдау үшін депутаттарға жол тартады. Бірақ ол палатаға жақындағандай бергенде  алдындағы есік тарс жабылады, сонда ол есік ашылмас бұрын үш рет есіктен қағады.

Ереже сондай, яғни белгілі бір адамдар белгілі бір жағдайда не істеп, неден бас тартуы керектігі жайлы тәртіп. Бұндай ережелер көп, оның біреуі  — бейтаныс адамдарға «сен» емес, «сіз» деп айтуың қажет. Кейбір ережелерді құқыққа жатқызамыз. Егер әдептілікті қылмыс заңынан ажырата алсақ, онда британдық парламентінің ашылу салтанатында күрделі жағдайлар барын білуге тиіспіз. Құқық немесе әдет-ғұрып бойынша депутаттар король уәкілінің алдында есікті жапқанда символикалық іс-әрекетті жүзеге асыра ма? Дұрыс жауап – құқықтық әдет-ғұрып бойынша.

Алайда құқық дегеніміз не? Бұл сұрақ  — мемлекет және құқық теориясының пәлсапалық тасы.  Айта кетсек, бұл сұрақтың нақты, түбегейлі жауабы жоқ. Қолданыста түрлі нәтижемен іске асырылатын құқықтың бірнеше анықтамасы бар. Бұл жағдай нені көрсетеді? Біз осы мәселенің қорытынды түсініктемесіне әлі де жеткен жоқпыз.

Бірінші, 21-ғасырда жаңа түсінік немесе тұжырымдамамен танысуға ниет білдірген адам  — Уикипедияны ашады. Бұл ресурстағы орыс тілдегі мақала құқықты мемлекет кепіл берген ортақ міндеттемелік, ресми анықталған  мінез-құлық ережесінің жүйесі деп анықтайды. Ағылшынша мақалада солай деп жазылған деуге болады, тек «мемлекет» сөзі жоқ  — әлеуметтік институттардың көмегі арқылы ықтиярсыз қамтамасыз етілген мінез-құлықты басқаратын ережелер жүйесі.

Екі анықтама да құқықтың не екенін бейнелейтін қазіргі заманның ғылыми келісімі. Маңыздысы, ол заңгерлердің іс жүзінде қолдануына сақадай-сай келеді. Тап солай институттарда оқытылып, оқулықтарда жазылған.

Демек, құқық ереже болып табыла ма, оны оңай тексеру үшін – сіз құқық бұзғанда мемлекет сізді ықтияр ете ме, соған көз жеткізу керек. Егер тек ренішпен шектелсе – ол құқық емес. Егер сізбен қарым-қатынасты тоқтатса– ол да құқық емес. Алайда құқық бұзғанда мемлекет тарапынан сізді күштеп түрмеге сүйресе немесе дүние-мүлкіңізді күштеп тартып алса немесе басыңызды кесіп алса – міне, бұл құқықпен жұмыс істегеніміз, заңгерлердің тілімен айтқанда, құқықтық норманың жүзеге асырылуы.

Мұндай тәсілдеме қарапайым және қолайлы, бірақ толықтырылмаған. Құқық, мемлекеттің бұйрығы ғана емес, құқық түсінігі құбылыс ретінде іс жүзінде біршама күрделі және кеңірек.

Менің келтірген анықтамам ыңғайлы болса да, өмірдегі маңызды жағдайлар еленбей қалған және бірқатар сыни сауалдарға жауап бере алмайды :

  1. Кез келген заңды құқықтық деп санауға бола ма?
  2. Олай болмаса, құқықтық емес заңмен бетпе-бет келгенде не істеу керек?
  3. Егер құқық биліктен тарап, билікпен қамтамасыз етіліп отырған жағдайда биліктің өзі өкілеттілігін қайдан алады? Бәлкім, кез келген билік өкілетті ме?
  4. Кез келген мінез-құлық, іс-әрекет құқықпен реттелуі мүмкін бе әлде реттелуі тиіс пе? Мысалы, тіс тазалағыш щетканы қай қолмен ұстау керектігі заңмен белгілене ме?
  5. Ең басты сұрақ – құқықтың мақсаты не? Егер құқықтық анықтаманы биліктің бұйрығы деп назарға алсақ, онда құқықтың мақсаты жоқ, тек бассыздық пен назданушылық деген түсінік қалыптасуы мүмкін.

Құқықтың басқа анықтамасы бар ма? Әрине бар!

Жоба Діни істер және азаматтық қоғам министрлігі мен  Азаматтар бастамасын қолдау орталығы «ҮЕҰ әлеуетін пайдалана отырып жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» мемлекеттік грантының аясында жүзеге асырылады.