Жемқорлықты қабылдау индексі 2016: Қазақстан

Қазақстан 2016 жылы Жемқорлықты қабылдау индексінде 29 балл жинап, ренкингте 131 орынға жайғасты.  Бір жыл бұрын:  2015 жылы еліміз 28 ұпаймен 123 орында болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа бағдарламасын қабылдап, оны кеңінен талқылау ағымдағы жылы жақсы нәтижеге мүмкіндік берді. Алайда былтырғы жылмен салыстырғанда жағдай өзгерді: зерттелетін елдердің саны  8-ге артып,  ренкингтегі орынға бәсекелестік күшейді.

Өңірлік рейтингте Шығыс Еуропа  — Орта Азия (Қазақстан енеді) жетекші орында Грузия – 57 ұпаймен  44 орында тұр. Қазақстан 14 орында, Ресей және Украинамен ұпайы бірдей (29 балл, 131 орын). Өңірлік рейтингтегі төменгі тармақта  — Өзбекстан, бұл ел  жаһандық Индексте 21 балмен 156 орын алды.

Жемқорлықты қабылдау индексі 2016 жылы  жемқорлықты қабылдау деңгейінің  176 елде мемлекеттік секторда екенін көрсетіп отыр және ол 0 межесімен есептеледі (жемқорлықты қабылдау бойынша ең жоғары деңгей)  100-ге дейін (жемқорлықты қабылдау бойынша ең төменгі деңгей).

Transparency International –дың ғаламдық баспасөз-хабарламасында сыбайлас жемқорлық мемлекеттік секторда  әлем бойынша қалыпты  дертке айналғанын нақтылайды. Сонымен, Жемқорлықты қабылдау индексінде 2016 жылы 176 елдің  69 пайызы 50 балдан төмен баға алды. Балл  — мемлекет саясатының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресінің толыққанды  іс-шараларын бейнелейді.  Ең жоғары балл — 90, мұндай ұпайға қол жеткізген ел — Дания мен  Жаңа Зеландия. Соңғы орында тұрған  — 10 балл жинаған Сомали.

«Жүйелі сыбайлас жемқорлық әлеуметтік теңсіздікке әкеп соқтырады, мемлекеттік институттарға деген сенімді жоғалтып, адамдарды беделге құмар саясаткерлердің мәлімдемесінен сүйеніш іздеуге мәжбүрлейді.  Ел игілігін әділетсіз үлестірген жүйені түзетем деп уәде берген қатал, авторитарлық басшылар, әдеттегідей, жемқор жүйенің ең нашар түрін орнатады», — деп атап өтті Transparency International төрағасы Хосе Угас.

Үздік көрсеткіші бар елдер ашық үкіметімен, баспасөз еркіндігімен, азаматтық бостандығымен және тәуелсіз сот жүйесімен сипатталады.  Дәстүр бойынша сегіз зерттеу жүргізіліп, соның негізінде баға беріледі. Қазақстанға қатысты жасалған зерттеудің бесеуі бұдан бұрынғы зерттеуге қарағанда сәл жақсарғанын көрсетті.

Мынау ағымдағы жылы  Қазақстан Республикасына  жасалған зерттеудің нәтижесі:

  • Елдің Global Insight тәуекелі рейтингісі — 34 балл  (2015 жылы 11);
  • Бертельсман қорының Трансформация индексі – 20 балл (2015 жылы 19),
  • Заңның ұлықтылығы индексі — 32 (2015 жылы 28);
  • Саяси тәуекелділік бағасы және Freedom House есебі — 28 (2015 жылы 23).
  • Дүниежүзілік экономикалық форумның «Басшылар пікірі шолуында» – 45 ( 2015 жылы 51);
  • Ғаламдық бәсекелестіктің жыл сайынғы рейтингісінде  – 41 ( 2015 жылы 46);
  • Елдің Economist Intelligence Unit  тәуекелі бағасы – 19 (2015 жылы 21).

Биыл Демократияның әр алуандығы деген жаңа зерттеу қосылды. Ол мемлекеттік құрылым саласындағы жемқорлықтың алты түрі. Сарапшылардың талдауынша, орындаушы, заң шығарушы және сот билігі тармақтарының тұрақтылығы тігінен алғанда, ұсақ кеңсе қызметкерінен бастап, биліктегі жоғары шенді шенеуніктерге дейін. Соның аясында сарапшылар мына сауалға жауап берді: «Саяси сыбайлас жемқорлық қаншалықты таратылған?» Берілген бағалардың көрсеткіші бойынша Қазақстанда  — 16 балл. Аталмыш зерттеуде Америка Құрама Штаттары мен Эстония  ең көп — 69 балл жинады.  Жалпы зерттеуге әлемнің 76 елі   қатысты.  Сарапшылардың пайымдауынша, Қазақстанның ең басты проблемасы экономика саласында. Саяси және заңнамалық реформаларына оң баға берілді.

«Экономикалық дамудың төмендеуі сыбайлас жемқорлықтың жаңа қатерін төндіреді. Жемқорлықты қабылдау индексінің соңғы зерттеулері көрсеткендей, бұл проблема бүкіл әлемге тән. Қазақстан билігінің жоғары билік тобындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресі, жоғары шенділерді тұтқындаулары аталмыш проблеманы түбірімен жоюға деген ұмтылысын, ниетін көрсетті. Алайда тек алдын алу шараларын жүзеге асырғанда ғана жақсы көрсеткішке қол жеткізуге болады. Ол – мүдделер қайшылығын  жою,  бизнес қожайындарының түпкі бенефициарларын ашу, шенеуніктердің, содан кейін елдің бар азаматтарының табысы мен кірісін декларациялауды енгізу», — деп атап өтті Транспаренси Қазақстанның орындаушы директоры Наталья Ковалёва. 

Зертеудің әдістемесі (ағылшың тілінде) тут

Зертеудің презентациясы (орыс тілінде) тут

Жиі қойылатын сұрақтар (ағылшың тілінде) тут

Зертеудің картасы (қазақ тілінде) тут

Зертеудің картасы (орыс тілінде) тут